Accessibility links

Ресей әділет министрлігі блогер Ержан Тұрғымбайды "шетел агенті" деп таныды

Шетелде тұратын блогер Ержан Тұрғымбай
Шетелде тұратын блогер Ержан Тұрғымбай

Ресей әділет министрлігі оппозициялық блогер Ержан Тұрғымбайды "шетел агенті" деп таныды. Шетелде тұратын қазақстандық блогер ресейлік ведомствоның реестрінде осы апта соңында пайда болды.

Ведомствоның түсіндіруінше, блогер "Ресей Федерациясының территориялық тұтастығын бұзуға шақырған", "Ресей билігінің шешімі мен саясаты туралы, сонымен бірге Орыс православ шіркеуі туралы жалған ақпарат таратқан". Бұған қоса, Тұрғымбай Украинадағы "арнайы әскери операцияға" (Ресей билігі Украинадағы соғысты осылай деп атайды) қарсы шығып, Ресей аумағында "жағымсыз" деп танылған "шетел агенттерінің" хабарламаларын таратуға қатысқан.

Блогердің өзі әзірге ақпаратқа реакция білдірмеді.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, өзін шетелдегі Қазақстан оппозициясы атайтын Ержан Тұрғымбай Қазақстанда тұрғанда ұзақ уақыт бойы мемлекет басшысына экономика және мемлекеттік аппараттың құрып бара жатқандығын айтып, шағымданған. 2018 жылы өзінің YouTube парақшасында Қазақстан президентіне мәлімдеме жасаған.

Блогердің сөзіне сүйенген ақпарат құралдарының жазуынша, Тұрғымбай Астанада тұрып, бизнеспен айналысқан, аймақтық телеарнаға да жетекшілік еткен. 2017 жылы бизнесін жауып, оппозицияға қосылуды жөн тапқан. Кейбір мәліметке қарағанда, қазір Италияда тұрады.

Айдар
XS
SM
MD
LG