Ресей әскері 29 қазанда күндіз Днепрдегі темір жол вокзалына дронмен соққы жасап, кемінде 14 адам қаза болды. 13 адам зардап шекті, төртеуінің жағдайы ауыр.
Украиналық темір жол компаниясының хабарлауынша, реактивті дрон Днепр – Запорожье бағытындағы пойыз тұрған платформаға соққы жасаған.
Ресей әскері Украинадағы вокзалдар, станциялар мен жолаушылар пойызын жиі атқылайды. 2022 жылы сәуірде Краматорскі вокзалына ресейлік ракета түсіп, 60-тан астам адам қаза болды, арасында балалар да бар.
2022 жылы тамызда Ресей әскері Днепропетровск облысындағы Чаплино станциясына ракетамен соққы жасап, 25 адам қаза болды. 2025 жылы қазанда Ресей дронмен Сумы облысындағы Шостке вокзалына шабуылдап, жолаушылар қаза болды, зардап шекті.
Украина билігінің мәлімдеуінше, Ресей әскері темір жол инфрақұрылымына соққы жасау арқылы елдің көлік қатынасын бұзып, азаматтардың эвакуацияланғанын көздейді. Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның әскери инфрақұрылымына соққы жасайтынын айтып келеді.