Accessibility links

Ресей әскері Кривой Рог пен Одессаға шабуылдады. Қаза болғандар бар

Одессаға жасалған соққының салдары. 12 қыркүйек 2026
Одессаға жасалған соққының салдары. 12 қыркүйек 2026

12 қыркүйекке қараған түні Ресей әскері Украинаның Кривой Рог қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорнына ракетамен соққы жасады. Бір адам қаза болды, тағы екі адам жараланды деп жазды Днепропетровск облыстық әскери әкімшіліктің жетекшісі Александр Ганжа.

Одан бөлек, Ресей Днепрдегі кәсіпорынды соққылаған. Ешкім зардап шекпеген.

Запорожьеде жеке үйге дрон соққы жасап, 64 жастағы әйел адам мен 37 жастағы ер адам опат болды, 59 жастағы әйел жарақаттанды. Суреттерге қарағанда, үй толық қираған, өрт сөндірушілер үйінділердегі өртті сөндірді.

Одессада ресейлік дрон 25 қабатты тұрғын үйге құлады. Кемінде 23 адам жарақаттанған, арасында нәресте де бар. Бұл жөнінде аймақтың басшысы Олег Кипер хабарлады. Шабуылдың салдарынан 21 мен 23 қабат арасындағы пәтерлер өртенген.

Украина әскерінің хабарлауынша, Ресей әскері шабуыл кезінде "Искандер-М"/KN-23 баллистикалық ракетасын, сегіз "Калибр" қанатты зымыранын, алты басқармалы авиациялық ракета, 129 дрон қолданған, дрондардың жартысы реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі түнде Запорожье, Кривой Рог және Одессадағы әскери нысандарға соққы жасалғанын хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігі сонымен бірге Одесса облысында "порт инфрақұрылымы нысандары мен көлік инфрақұрылымы үшін стратегиялық маңызды нысандар" жойылғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, сол арқылы Украинаға "шетелдік қару- жарақ пен оқ-дәрі келіп" отырған.

Айдар
XS
SM
MD
LG