Accessibility links

Ресей әскері Украинаға 120 дронмен шабуыл жасады

Ресей әскерінің шабуылынан кейінгі Одесса. 21 ақпан, 2026 жыл.
Ресей әскерінің шабуылынан кейінгі Одесса. 21 ақпан, 2026 жыл.

21 ақпанда Ресей әскері Украинаға "Искандер-М" баллистикалық ракета және 120 дронмен шабуыл жасады деп хабарлады Украина қарулы күштері. 11 орынға ракета мен 13 соққы дроны түскен.

Дрон шабуылы салдарынан Одессаның екі ауданында ғимараттар қирады. Хаджибей ауданында бірнеше көп пәтерлі үй бүлінген, 115 пәтер зақымданды деп жазды қалалық әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Лысак.

Бұған қоса, қалада энергетика компаниясының қоймалары бүлінген. Екі адам зардап шеккен. Бұған қоса, Одессада 200-ден астам бала оқитын лицей қираған. Ғимарат сәулет өнерінің ескерткіші саналатын деді қалалық білім басқармасының өкілдері.

Сумыдағы тұрғын үй аумағына таңғы сағат 4-те әуеден соққы жасалды деп хабарлады Украинаның ұлттық полициясы. Үш адам жараланған, екеуі – 5 және 17 жастағы бала және ал бірі – 70 жастағы әйел.

Херсонда сенбі күні таңертең жергілікті биліктің айтуынша, ресейлік дрон жолаушылар мінген маршруттық таксиге жарылғыш зат лақтырылған. Херсон облыстық әскери әкімшілігі телеграм-арнасының жазуынша, 71 жастағы жүргізуші жарақаттанған. Кейін тағы екі жолаушы зардап шеккені белгілі болды: 62 және 42 жастағы екі әйел ауруханаға жатқызылған.

XS
SM
MD
LG