Accessibility links

Ресей билігі авиациялық керосин экспортына тыйым салды

510449860
510449860

Ресейде авиациялық керосинді елден шығаруға уақытша тыйым салынды. Үкімет сайтында жарияланған ақпаратта, қаулыға сәйкес, енді реактивті қозғалтқыштарға арналған жағармай, соның ішінде биржада сатып алынған отынның да экспортына биылғы 30 қарашаға дейін шектеу қойылғаны айтылған.

Билік бұл шешімді "ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін қажет" деп түсіндірді.

Ресейде бұған дейін авиациялық керосин экспортына толық тыйым салынбаған деп жазды ресейлік басылымдар. 31 шілдеге дейін бензинді елден шығаруға толық көлемде, ал дизель отыны экспортына ішінара шектеу қойылған.

Бұл шектеулер Украина қарулы күштерінің әуе шабуылдарынан кейін ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына түсетін салмақ артып, Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы өсіп жатқан шақта енгізілді. Сарапшылар әлемдік нарықта авиациялық отын тапшылығы қаупі күшейіп отырғанын айтады.

Айдар
XS
SM
MD
LG