Accessibility links

Ресей Киев пен Харьковтегі тұрғын үйлерді атқылап, бірнеше адам қаза тапқан

Ресейлік дрон шабуылының салдары. Харьков, Украина, 12 қазан, 2026 жыл
Ресейлік дрон шабуылының салдары. Харьков, Украина, 12 қазан, 2026 жыл

Дүйсенбі кешке Киевтегі 25 қабатты тұрғын үйге ресейлік дрон шабуылдады. Прокуратураның мәліметінше, екі адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланған.

Соққы салдарынан ғимараттың екі қабатындағы пәтерлер өртеніп, кемінде 12 көлік пен екі мотоцикл жанып кеткен. Кейінірек Украина президенті Владимир Зеленский зардап шеккендер саны тоғыз адамға жеткенін мәлімдеді.

"Бұл — Ресейге қысымды күшейту керектігінің кезекті дәлелі. Олар қатыгез шабуылдарды әлі де жалғастырып, соғысты созып отыр. Тіпті қазіргі уақытта да АҚШ-тың ұсынысына "шахедтермен" жауап беріп жатыр. Құрама Штаттар Ресейдің осы қадамдарын ескеріп, батыл әрекет етеді деп сенеміз" деп жазды Зеленский әлеуметтік желіде.

12 қазан кешке Харьков қаласы да дрон шабуылына ұшырады. Облыстық әкімшілік басшысы Олег Синегубов бес қабатты тұрғын үйге дрон түсіп, алты адам зардап шеккенін хабарлады.

"Жараланғандар арасында 19 жастағы жігіт ауыр халде, ол қатты күйіп қалған" деді Синегубов.

АЛ қала басшысы Игорь Тереховтың айтуынша, Ресей күштері Харьковке "Бандероль" дрондарымен шабуыл жасалған. Кейінгі дерек бойынша, кемінде алты жер үй бүлінген.


Айдар
​
XS
SM
MD
LG