Ресей Одесса облысын атқылады: екі адам қаза тауып, үшеуі жараланған

Украинаның Одесса аймағына Ресейдің әуе шабуылының салдары. 18 қараша, 2026 жыл
Украинаның Одесса аймағына Ресейдің әуе шабуылының салдары. 18 қараша, 2026 жыл

Сәрсенбіге қараған түні Ресей күштері Украинаның Одесса облысын атқылап, салдарынан екі адам – 41 жастағы ер азамат және 17 жастағы жасөспірім қаза тапқан. Облыстық әкімшілік басшысы Олег Кипердің хабарлауынша, тағы үш адам жараланған, олардың арасында 12 жасар бала бар.

Кипер ресейлік шабуылдардан азаматтық инфрақұрылым, жеке тұрғын үй, өндірістік ғимарат және жеңіл автокөліктер зақымданғанын айтты.

Электр энергиясын таратумен және тасымалдаумен айналысатын ДТЭК компаниясының мәліметінше, Одесса облысына кейінгі жасалған шабуылдар салдарынан электр желілеріндегі апат саны 15 есе артқан.

​
XS
SM
MD
LG