Accessibility links

Ресей президенті азаматтарды әскерге шақыруды жыл бойы жүргізуді көздейтін жарлыққа қол қойды


Ресей қарулы күштерінде қызмет атқарып жүрген адамдар (көрнекі сурет)
Ресей қарулы күштерінде қызмет атқарып жүрген адамдар (көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қарулы күштер қатарына мерзімді әскери қызмет атқаруға 18 бен 30 жас аралығындағы 261 мың адамды шақыруды көздейтін жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес, Ресейде әскерге шақыру шаралары жыл бойы жүргізілетін болады, ал әскери қызмет өткеру орындарына жөнелту бұрынғыдай жылына екі рет: 1 сәуірден 15 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Биыл азаматтарды Ресей қарулы күштері қатарына мерзімді қызмет атқаруға күзгі шақыру 2016 жылдан бергі кезеңдегі ең ауқымдысы болды — барлығы 135 мың адам әскер қатарына алынған.

• Ресей мемлекеттік думасы азаматтарды әскери қызметке шақыру тәртібін өзгертетін заңды биыл қазан айында қабылдаған. Енді шақыру комиссиялары жыл бойы жұмыс істейтын болады, медициналық тексеру мен психологиялық іріктеу тұрақты негізде жүргізілмек.
• Заң жобасы авторлары бұл бастама "әскерге шақыру сапасын арттыру" ниетінен туды деп түсіндіреді. Ал құқық қорғаушылар болса билік армияны толықтыруға арналған тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруды көздеп отыр деп есептейді.

XS
SM
MD
LG