Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі: Қырымда Ан-26 ұшағы апатынан 29 адам қаза болды

Құлаған ұшақтың бөлшегі. Көрнекі сурет.
Құлаған ұшақтың бөлшегі. Көрнекі сурет.

Ресей қорғаныс министрлігі Қырымда Ан-26 ұшағы апатынан 29 адам қаза болғанын хабарлады.

“Іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағы апатқа ұшыраған орынды тапты. Оқиға орнынан баяндалған есепке қарағанда, экипаждың 6 мүшесі мен борттағы 23 жолаушы қаза болды” деп жазылған Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Ведомство өкілдерінің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақ техникалық ақаудан апатқа ұшыраған. Ұшаққа сырттан ешқандай зақым келмеген деп айтылады.

Ресей қорғаныс министрлігі 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де әскери-көлік Ан-26 ұшағынан хабар үзілгенін хабарлаған. Ұшақ аннексияланған Қырымда жоспарға сай ұшқан.

This item is part of
XS
SM
MD
LG