Ресей зауытына шабуыл
Украина әскері 12 шілдеде Ресейдің Самара облысындағы Сызрань мұнай өңдеу зауытын дронмен шабуылдады. Ресейдегі ең ірі мұнай зауыттарының бірі саналатын бұл кәсіпорын бензин, дизель және сұйытылған көмірсутегі газын шығарады. Украина кейінгі екі жылда Сызрань зауытына 12-рет шабуылдап отыр.