Украинада Ресей армиясы қатарында соғысқан 51 мемлекеттің азаматтары тұтқында отыр. Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец шетелдегі дипломатиялық мекемелер басшыларының "Бейбітшілікті қалпына келтіру және Украинаның көшбасшылығы" атты кеңесінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ресей қарулы күштері құрамында соғысқан шетел азаматтары Украина аумағында тұтқынға түскен. Лубинец халықаралық қауымдастыққа Ресей жағында соғысудың нақты құқықтық салдары барын ашық әрі жүйелі түрде жеткізудің маңызын атап өтті.
Бұған дейін, мамыр айының аяғында Украина сыртқы істер министрлігі Ресей алдау және ақша уәде ету арқылы кемінде әлемнің 48 елінен жүздеген шетел азаматын соғысқа тартқанын, олар қазір Украинада тұтқында отырғанын хабарлаған еді.
Британдық BBC медиасының мәліметінше, 2026 жылдың шілде айының басындағы жағдай бойынша, Ресей жағында соғысқан кемінде 3589 шетел азаматы қаза тапқан.
Сондай-ақ бұған дейін БАҚ-та Ресей армиясы қатарына тартылған Кения азаматтары кейін Украинадағы соғысқа жіберілгені жайлы ақпарат жарияланған.