Ресей қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Кемеров облысында Ан-12 әскери ұшағының апатқа ұшырағанын растады. Ведомствоның мәліметінше, 19 адам қаза болған.
Министрліктің хабарлауынша, апат жоспарлы ұшу кезінде болған. Ұшақ адам тұрмайтын аймаққа құлаған.
Қорғаныс министрлігі апатқа техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді. Оқиға орнына Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің комиссиясы барған.
Апат орнына барған облыс басшысы Илья Середюк Кемеров маңында құлаған ұшақ өңір арқылы транзитпен ұшқанын айтқан.
SHOT мәліметінше, ұшақ Новосибирскіден Канск қаласына бағыт алған. Ол Ягуново ауылы маңындағы далаға құлаған. Ұшақ сынықтары 500 метр радиусқа шашылған. Telegram-арнаның жазуынша, бортта қауіпті жүк болмаған, жердегі нысандарға да зақым келмеген.
Baza Telegram-арнасы келтірген куәгерлердің айтуынша, ұшақ әуеде жанып кеткен.
Ягуново ауылы Кемерово әуежайынан 5 шақырым жерде орналасқан.