Accessibility links

Ресейдің бас консулдығы рэпердің ұсталуына байланысты Қазақстанға нота жолдады

Ресейлік рэпер Navai
Ресейлік рэпер Navai

Жамбыл облысында ресейлік рэпер Navai (шын аты — Наваи Бахманоғлы Бакиров) ұсталғаннан кейін Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Бұл жөнінде Ресейдің мемлекеттік "Риа Новости" ақпарат агенттігі хабарлады.

Дипломаттардың айтуынша, олар оқиғаны ақпарат құралдарынан білген, Қазақстан билігінен ресми ескерту алмаған.

«Нота жолдадық, өйткені бұл — жергілікті билікпен ресми байланыс орнатудың тәсілі. Жағдайды нақтылап, Ресей азаматының қазір қайда екенін, қандай жағдайда ұсталғанын және басқа да мән-жайды анықтауды сұрадық. Қажет болған жағдайда онымен консулдық кездесу ұйымдастыруға рұқсат сұраймыз» деп хабарлады Ресейдің бас консулдығы.

Ресейлік рэпер Navai 13 қазанда Қордай арқылы Қазақстанға кірмек болған кезде ұсталған. Жамбыл облыстық полициясының хабарлауынша, оның көлігінен есірткі табылған. Рэпер есірткі контрабандасы күдігіне ілініп отыр.

15 қазанда сот оны екі айға қамауға рұқсат берді. Адвокаттары шешімге шағым түсірді. Рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі керек болған концерті өтпей қалды. Концерттің басталуына төрт сағат қалған кезде ғана шара кейінге шегерілген.

Бакиров – Ресейде тұратын этникалық әзербайжан. Ол HammAli & Navai дуэтіне қатысушы ретінде танылған.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG