Accessibility links

Ресей Киевке зымырандар атты, қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Ресейдің Украинаға әуе шабуылынан бүлінген көпқабатты тұрғын үй. Киев, Украина, 1 тамыз, 2026 жыл.
Ресейдің Украинаға әуе шабуылынан бүлінген көпқабатты тұрғын үй. Киев, Украина, 1 тамыз, 2026 жыл.

Ресей күштері 1 тамызға қараған түні Киевке 20-дан астам зымыранмен шабуылдаған. Салдарынан кемінде төрт кісі қаза тауып, 15 адам жараланды деп хабарлады Украина тарапы.

Киевте бірнеше жарылыс болған. Қала мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, жараланғандардың арасында 13 және 17 жастағы екі жасөспірім бар.

Сенбі күні таңертең нақтыланған дерек бойынша, қаза тапқандар саны 9 адамға жеткен, 28 адам жараланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жолғы әуе шабуылында Ресей әскері баллистикалық және гипердыбыстық зымырандар қолданған. Мұны украин мониторинг арналары хабарлады. Әзірге бұл шабуылдың салдары туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

"Україна сейчас" telegram-арнасы Ресей Киевті түрлі 12-14 баллистикалық зымыранмен және "Циркон" үлгісіндегі тоғыз гипердыбыстық қанатты зымыранмен атқылаған деп хабарлады.


Айдар
XS
SM
MD
LG