Сауд Арабиясының мұнайы экспортталатын Ормуз бұғазының жабылуына байланысты және Ресей мұнайына салынған санкцияның салдарынан АҚШ мұнай өнімдерін экспорттауда қатарынан үш ай жетекші орынды иеленіп келеді. Бұл жөнінде кемелерді бақылайтын Vortexa сервисінің деректеріне сүйенген Reuters жазды.
Дерекке қарағанда, мамыр айында АҚШ-тың мұнай және отын экспорты тәулігіне 10,5 млн баррельге жеткен. Ресей эспорты сол айда тәулігіне 7 млн болған. Ал Сауд Арабиясыныкы – күніне шамамен 6 млн баррель.
Vortexa дерегінше, 2025 жылы мұнай экспорттау бойынша Сауд Арабиясы (тәулігіне 8 млн баррель) көшбасшы болған. АҚШ шетелге күніне 6,5 млн баррель мұнай сатқан. Ал Ресей 6 млн баррельге жуық шикізат өткізген.
"Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушысына айналған Вашингтон сол арқылы одақтастарымен және бәсекелестерімен келіссөздерде жаңа ықпал ету тетігіне ие болады" деп жазды Reuters.
Осылайша АҚШ Еуропаға шикі мұнай тасымалдайтын басты импортер және аймаққа отын дистиллятын жеткізетін екінші ірі тасымалдаушыға айналған.
Бұған қоса, Таяу Шығыс елдерінің мұнай экспорттау мүмкіндіктерінің азаюына байланысты Америка мұнайына Азия елдері де зәру болып отыр.
11 маусымда Америка президенті Дональд Трамп АҚШ Харк аралы мен Иранның өзге де мұнай инфрақұрылым нысандарын басып алып, Венесуэла жағдайындағыдай мұнай-газ нарығына толық бақылау орнататынын мәлімдеді.