Accessibility links

Reuters: Қазақстан Ресеймен мұнай өңдеу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Шымкент мұнай өңдеу зауыты

Қазақстан өзінің мұнай өңдеу зауыттарында Ресей мұнайын өңдеу жөнінде Мәскеумен келіссөз жүргізіп жатыр деп жазды Қазақстан энергетика министрлігіне сүйенген Reuters агенттігі.

“Ресейде өндірілген мұнайды өңдеу, содан кейін алынған өнімді Қазақстан аумағында сату және оның бір бөлігін Ресейге экспорттау бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр” деді ведомство өкілдері.

Министрлік өңделетін мұнай көлемі, өңдеу шарты мен келіссөзге қатысып жатқан мұнай өңдеу зауыттары туралы ештеңе
айтқан жоқ

Украин дрондарының Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары мен өзге де мұнай инфрақұрылымына соққысы тұсында Ресейде маусымда отын дағдарысы басталған еді. Ресейдің барлық-дерлік аймағында, аннексияланған Қырым мен Ресей басып алған украин аумағында жанармай станцияларында ұзын-сонар кезек байқалады.

  • 8 шілдеде Қазақстан көрші елдерден келетін көліктерге күніне бір рет қана келіп-кете алатындай шектеу қойған. Қазақстан энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың сөзінше, кейінгі кезде Ресеймен шектесетін аумақта – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жанармайға сұраныс "айтарлықтай артқан".
Айдар
XS
SM
MD
LG