Accessibility links

Reuters: Ресей Үндістаннан бензин сатып алмақ

Жанармай станциясы. Көрнекі сурет.
Жанармай станциясы. Көрнекі сурет.

Отын тапшылығы тұсында Ресей теңіз арқылы Үндістаннан бензин тасымалдай бастады. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Reuters хабарлады.

Кемінде 60 мың тонна бензин Үндістаннан тиеп әкетілді деді дереккөздердің бірі. Ақпарат агенттігі сөйлескен тағы бір дереккөз әрқайсысы 30-40 мың тонна бензин тиеген екі танкер Ресейге жол тартқанын айтты.

Ресей түрлі елдерден айына 400 мың тонна бензин импорттауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Беларусьтен де тасып жатыр деді дереккөздердің бірі.

Үндістанның өзі Ресей мұнайын сатып алатын ірі сатып алушы. Маусымда импорт көлемі рекордтық көрсеткішке – тәулігіне шамамен 2,7 млн баррельге жетті. Бұл – Үндістан импорттайтын мұнайдың жартысынан астамы.

Жексенбі күнгі сұхбатында Путин украин дрондарының мұнай өңдеу зауыттарына соққысы кейбір аймақта отын тапшылығын тудырғанын мойындап, Ресей мәселені шешу үшін шара қабылдап жатқанын айтты.

Жуырда Кремль Ресей отын импорты мәселесін өзге елдермен талқылап жатқаны растаған. Бұған дейін Қазақстаннан да бензин сатып алу мүмкіндігі айтылған.

Айдар
XS
SM
MD
LG