Accessibility links

Румыния бір аптада үшінші ресейлік дронды атып түсіргенін айтты

Румыния әскери әуе күштерінің F-16 ұшағы. 19 сәуір, 2024 жыл.
Румыния әскери әуе күштерінің F-16 ұшағы. 19 сәуір, 2024 жыл.

26 шілде таңертең Румыния әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы елдің әуе кеңістігінде ұшқышсыз аппаратты атып түсірген. Кейінгі күндері осымен үшінші дрон жойылған. Бұл жолы оқиға Сулина-Килия аймағында, Украинаның Одесса қаласына жақын маңдағы теңіз үстінде болған деп жазды Румыния президенті Никусор Дан Х әлеуметтік желісінде.

Данның хабарлауынша, Румыния бас прокуратурасы жүргізіп жатқан тергеуге сәйкес, 24 шілде күні таңертең әуеден атып түсірілген дрон Ресей Украинаға қарсы соғыста пайдаланып жатқан аппараттардың бірі. Бұл дерек Румыния Ресейге жолдайтын дипломатиялық нотаға да енгізілмек.

"Румыниямен қоса НАТО мен Еуропа одағының да әуе кеңістігі болып саналатын аймақты Ресей Федерациясының қайта-қайта бұзуына жол беруге және төзуге болмайды. Мұндай іс-әрекеттерге мүлде қабылдамаймыз және оған одақтастарымызбен бірге баса назар аударатын боламыз", - деп жазды Румыния президенті.

Бұған дейін президент Дан 25 шілде таңертең Сфанту-Георге қаласынан батысқа қарай он шақырым жерде екінші дрон атып түсірілгенін хабарлаған.

26 шілде күні кезекті дрон атып түсірілген соң Румыния сыртқы істер министрлігі Ресейдің Бухарестегі елшісін шақыртқан.

Айдар
XS
SM
MD
LG