Accessibility links

Ресейдің Қазақстанға "көл сыйлауы" шу болды


Сладкое көлінің және Ресей-Қазақстан шекарасының GoogleMap-тағы көрінісі

Ресейлік әлеуметтік желілерде "Мәскеу шекараны демаркациялау кезінде Қазақстанға Сладкое көлінің қалған бөлігін беріпті" деген хабар қызу талқыланды.

Google Maps мәліметіне сәйкес Новосібір облысының Купино ауданындағы Покровка ауылының маңындағы көлдің аумағы 45 гектар. Оның 14 гектары Ресейге тиесілі болған. Тараған хабар осы аумақты Қазақстанға біржола беру туралы болса керек. Бұрын шекара көлдің үстімен өткен.

ӘКІМДІК ХАБАРЛАМАСЫ

Сладкое көлінің Ресейге тиесілі бөлігін Қазақстанға беру туралы хабарлама алғаш рет тамыздың 10-ында Купино аудандық әкімдігінің сайтында жарияланған. Бұл хабарды жергілікті БАҚ тамыздың 15-інен бастап тарата бастайды.

Ресми хабарламада аңшылық маусымы кезінде бұл көлге жергілікті жұрт та, Новосібір мен Омбы тұрғындары да жиі келеді деп жазылған (кейін бұл сөйлемді алып тастапты, бірақ түпнұсқа мәтінді мына жерде оқуға болады). Сондықтан "шекаралық режимді бұза бермеу үшін" аудан билігі аңшылық шаруашылықтарын халықты шекара бұзбау туралы құлақтандыруға шақырған.

Әкімдік басшысы Владимир Шубников көлде балық қалмағанын, "демаркацияның экономикалық қызметке әсері жоқтығын" мәлімдеген. "Сладкое көлі – жартылай көл, жартылай батпақ, түкке жарамсыз" деген ол.

Шубников кейін бұл ақпаратты ТАСС тілшісіне растап, шекараның 20 жыл бұрын тартылғанын айтқан. Шекара бұрын су бетімен өтсе, енді шығысқа - ресейлік жағалауға қарай жылжып, көл біржола Қазақстан тарабында қалады.

"КӨЛДІ ҚАЙТАРЫП АЛУ" НАУҚАНЫ

Тамыздың 15-інде Купино ауданының әкімдігі шу тудырған хабарламаны сайтынан алып тастады. Владимир Шубников "Коммерсант" газетінің тілшісі қойған қосымша сұрақтарға "жай болып кетті" деп жауап бермеді.

Новосібір облыстық парламенті төрағасының бірінші орынбасары Андрей Панферов "Коммерсантқа" Шубниковпен сөйлескенін айтып, Сладкое көлінің Қазақстанға берілгені туралы ақпарат негізсіз екенін айтты. "Жай ғана әңгіме" деді депутат.

Тамыздың 16-сында Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің аймақтық шекара басқармасының өкілі РИА "Новости" агенттігіне Сладкое көлі баяғыда-ақ құрғап қалғандықтан Қазақстан территориясына өткенін, бұл жерде шекара өзгермегенін айтты. Оның сөзінше қазір шекара көлдің шығыс жағалауымен тартылған. "Сол себепті Ресей Қазақстанға ештеңе берген жоқ. Шекара бұрын қайда болса, әлі сонда жатыр", - деген өкіл.

Бұл дүрбелең кезінде Ресейдің табиғи ресурстар мен экология министрі Сергей Донской да үн қосып, Купино ауданындағы Сладкое көлінің аумағында шекара Қазақстанның пайдасы үшін өзгермейтінін хабарлады.

ҚАЗАҚСТАН НЕ ДЕЙДІ?

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Tengrinews ақпарат сайтына Қазақстанның Новосібір облысындағы Сладкое көлін ешқашан иелігіне қабылдап алмағанын мәлімдеді. "Ресей Қазақстанға көл сыйлапты деп айту - қате, өйткені көлдің біраз аумағы онсыз да бұрыннан Қазақстан территориясына қарайды" деді Жайнақов.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі Сладкое көлінің бір бөлігі ғана Қазақстанның иелігіне өтетінін хабарлады. Елшіліктің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада: "Комиссия анықтаған мәлімет бойынша су айдынының 70 пайызы Қазақстанға тиесілі... [Жаңадан] қандай да бір қайта межелеу болмаған, шекара белгілері комиссия бекіткен делимитация мен координаталарға сәйкес қалған" деп жазылған.

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG