Accessibility links

Кемероводағы өрттен ондаған адам қаза тапты


Өрт болған сауда орталығы маңына гүл қойып жатқан тұрғындар. 26 наурыз 2018 жыл.
Өрт болған сауда орталығы маңына гүл қойып жатқан тұрғындар. 26 наурыз 2018 жыл.

Ресейдің Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" cауда-ойын сауық орталығында болған өрттен кем дегенде 64 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

Өрт наурыздың 25-і күні тұтанып, наурыздың 26-ы күні толық сөндірілгені хабарланды. Өрт басталғанда сауда орталығына келгендер қорыққандарынан терезелерден секіре бастаған. Апаттан қаза тапқандардың саны әр сәт сайын өсіп жатыр. Алдымен 35, кейін 40 адамның қаза тапқаны хабарланған. Ал Ресей төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков наурыздың 26-ы күні апаттан қаза тапқандар 64 адам екенін айтты. Құрбандардың арасындар балалар да бар. Жедел әрекет ету қызметінің өкілі мемлекеттік телеарна эфирінде 41 баланың жоғалғанын хабарлаған.

Қаза тапқандар саны өсіп барады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

Ресей тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренко 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың оны ауруханаға жатқызылғанын айтты.

"Ауруханада жатқандар арасында 11 жасар баланың жағдайы ауыр. Ол сауда орталығының терезесінен секіріп кеткен. Бұл апаттан баланың ата-анасы және қарындасы мерт болды" деді Ресей денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова.

Комитеттің мәлімдеуінше, өрттің неден тұтанғаны әлі белгісіз. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, төрт адам ұсталған. Қамалғандардың арасында сауда орталығының бастығы, өрт басталған аймақты жалға алған адам бар. Қазір қаладағы ауруханаларда қан тапсыруға ондаған адам кезекте тұр.

Қан тапсыруға кезекте тұрған адамдар. Кемерово, 26 наурыз 2018 жыл.
Қан тапсыруға кезекте тұрған адамдар. Кемерово, 26 наурыз 2018 жыл.

​Кемеров облысы Аман Тулеев "Зимняя вишня" сауда орталығында мерт болғандардың отбасыларына миллион рубль (17500 доллар) өтемақы төленетінін айтты. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев елдің денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға Кемеровоға барып, зардап шеккендерге көмек жағын ұйымдастыруды тапсырды.

Тергеу комитетінің дерегінше, өрт сауда орталығының ішіндегі кинотеатрда тұтануы мүмкін. Апат кезінде сауда орталығынан 120 адам эвакуацияланған. Көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын "Зимняя вишня" сауда орталығы 2013 жылы ашылған. Ішінде зоопарк, ойын-сауық кешендері және мейрамханалар бар.


Ресейде өрттен қаза табатындар саны Батыс елдерімен салыстырғанда көп. Сарапшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамау, қауіпсіздікке бөлінетін ақшаны үнемдеу негізі себеп екенін айтады. Халықаралық өрт және құтқару қызметі қауымдастығының дерегінше, 2014 жылы Ресейде өрттен 10 мың, ал АҚШ-та 3275 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG