Accessibility links

Мәскеуде прокурор "тыңшылық жасады" деп айыпталған АҚШ азаматын 18 жылға соттауды сұрады


АҚШ азаматы Пол Уилан. Мәскеу, 24 қазан 2019 жыл.
АҚШ азаматы Пол Уилан. Мәскеу, 24 қазан 2019 жыл.

АҚШ азаматы Пол Уиланға қарсы қозғалған істі қарап жатқан Мәскеу сотында сөз алған прокурор айыпталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуін сұрады. Бұл туралы Уиланның адвокаты Владимир Жеребенковке сілтеген “Интерфакс” агенттігі хабарлады.

“Тыңшылық жасады” деп айыпталған Уилан соңғы сөзінде өзінің кінәлі емес екенін, сондықтан соттан өзін ақтауды сұрады.

Оқи отырыңыз: Ресейде ұсталған АҚШ азаматы "тыңшылық жасады" деп айыпталды

Уиланның ісіне қатысты жарыссөз дүйсенбі күні Мәскеудің қалалық сотында өтті. Бұл іске қатысты үкім 15 маусымда шығуы тиіс.

АҚШ азаматы Пол Уиланға қатысты процесс 20 сәуірде басталған. Адвокат Жеребенковтың сөзінше, сот “объективті” өткен, Уиланның құқығы еш шектелмеген.

Бұрынғы теңіз жаяу әскерінің солдаты Пол Уилан 2018 жылы желтоқсанда Мәскеуде тұтқындалған. Тергеу мәліметіне қарағанда, одан Ресейдің мемлекеттік құпия мәліметтері бар флешка "алынған". Уиланның соты 2020 жылғы наурызда басталған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды, "саяси астары бар арандату" деп санайды. Туыстары оның Мәскеуге тойға келгенін айтады. Уиланның АҚШ-тан өзге Канада, Ирландия және Ұлыбритания азаматтығы бар.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG