Шешенстанда ұрлап әкетілген Мансур Мавлоевтың ата-анасы үйіне оралды. Бұл жөнінде адвокат Елена Жигаленокқа сүйенген “Кавказ.Реалии” сайты жазды. Оның сөзінше, Мавлоевтың ата-анасы үйде.
"Кеше Мансурды көрдім. Ата-анасы үйінде екенін айтты. Қайдан естіген, білмеймін, бәлкім, бауыры Хусейннан шығар. [Зелимханды да] қайтарған, қандай күйде екенін білмейді" деді адвокат.
Шешенстанның күштік құрылымдары Мовлаевқа оны республикаға қайтару үшін қысым жасап жатыр. Ақпанда БҰҰ Адам құқығы комитеті Қазақстанға Мовлаевты Ресейге экстрадициялауға тыйым салған. Осыдан кейін Алматы соты оның босқын мәртебесін беру туралы өтінішін тағы орындаудан бас тартты. Шешімді апелляция растаған. Қазір Мовлаев кассацияны күтіп отыр.
Тхэквондо жөнінен спорт шебері Мансур Мовлаевты 2022 жылы Шешенстанның күштік құрылым өкілдері ұрлап әкетіп, құпия түрмеде ұстаған. Ол Қырғызстанға заңсыз қашып кеткен. Ол жақтан Қазақстанға өткен. Ол 2025 жылдың мамырынан бері Қазақстанда қамауда отыр.