Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі екі қамауға алынды.
Қылмыстық іс "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы (292-бап 3-бөлік) бойынша тергеліп жатыр.
26 ақпан күні Щучинскідегі "Палау орталығы" кафесінде жарылыс болып, салдарынан тоғыз адам қаза болған. 20-дан астам адам зардап шеккен. Алдын ала болжам бойынша, кафеде газ баллоны жарылған.
Бұған дейін дәмхана иесі ұсталған еді.