Accessibility links

Швеция Балтық теңізінде Ресейден Испанияға бара жатқан жүк кемесін ұстаған

Hui Yuan жүк кемесі (архивтегі фото)
Hui Yuan жүк кемесі (архивтегі фото)

Швецияның жағалау күзеті Ресейден шығып, Испанияны бетке алып, Panama туын іліп алған Hui Yuan жүк кемесін шведтің Истада қаласына жақын маңда, Балтық теңізінде ұстаған. Мұндай ақпаратты швед прокуратурасының дерегіне сүйеніп Sveriges Television (SVT) телеарнасы жариялады.

SVT кеме табиғат қорғау заңын бұзған деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Швед билігінің дерегі бойынша, кемеден теңізге көмір қалдықтары төгілген. Мұны жағалау күзетінің ұшағы әуеден түсіріп алған. Швецияның билік орындары тергеу бастаған, олар кеме экипажынан жауап алмақ.

Швеция билігі бұл кемені Ресейдің Батыс санкцияларын айналып өтетін "тасадағы флотымен" байланыстырып отырған жоқ. Өйткені Hui Yuan — мұнай емес, өзге жүк тасымалдайтын кеме. Ресейдің сыртқы істер министрлігі теңізде кемелерді тоқтатқан Еуропа елдерінің іс-әрекетін "теңіз жолындағы қарақшылық" деп атап сөккен.

Бұл оқиға Балтықтағы экологиялық бақылаудың күшейгенін көрсетеді. Соңғы апталарда Швеция жағалау күзеті теңіздегі төгінділер мен санкциялық кемелерге қатысты қадағалауды арттырғанын мәлімдеген.

Hui Yuan кемесі 9 сәуірде Ресейдің Усть-Луга портынан шығып, Испанияның Лас-Пальмас портына 21 сәуірде жетуі тиіс болған. 2004 жылы құрастырылған бұл кеме содан бері атауы мен туын бірнеше рет өзгерткен.

Айдар
XS
SM
MD
LG