Accessibility links

Шымкент ауруханасында сарбаз көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкент ауруханасында сарбаз көз жұмды. Ақпаратты ұлттық гвардияның баспасөз қызметі растады.

"Сарбаз медициналық көмекке жүгініп, [дәрігерлер] бақылауында болған және Шымкенттегі медициналық мекемелерде тексеруден өткен. 6 қаңтарда кенет жүрегі тоқтады. Жансақтау шараларына қарамастан сарбаз қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз - лейкоз" деп жазылған хабарламада.

Әскери-тергеу басқармасы 6506 әскери бөлімі сарбазының қазасына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Ulysmedia-ның жазуынша, 21 жастағы Данияр әскерге бір айға жуық уақыт бұрын шақырылған.

"Данияр 2025 жылдың 9 желтоқсанында Тараздан Шымкентке әскерге әкетілген. Бір ай да уақыт өткен жоқ, оның мәйітін беріп отыр. Не болғанын білмейміз. Әскерде болғанына бір ай да болған жоқ, іші ауырды деп ауруханаға түскен, екі күннен кейін жансақтау бөліміне ауыстырылған. Жансақтау бөлімі оны құтқара алмады, тіпті диагноз да қоя алмады! Олар сүйегін 6 қаңтарда алды" деді мармқұмның туыстарының бірі басылымға.

Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар арасында өлім-жітім жиілеп барады. Қазақстан ер азаматтарды әскери борышын өтеуге міндеттейтін елдер қатарында. Сондай-ақ елде келісімшарт негізінде қызмет ету тетігі қарастырылған. Әскердегі қайғылы оқиғалар көбейген тұста толықтай келісімшарт үлгісін көшуге үндегендер болған. Бірақ қорғаныс министрлігі толықтай келісімшартқа өту бюджетке үлкен салмақ түсіретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG