Украина Қара теңізде астық тасымалына қатысты бітім жасау жөніндегі ұсыныстарын серіктестеріне жолдады. Енді Киев Мәскеудің жауабын күтіп отыр. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі конференциясында мәлімдеді.
«Біз бітімге келуге дайынбыз. Қара теңіздегі шиеленісті бәсеңдетуге және делдалдық жасауға белсенді атсалысып жүрген Үндістанға, Түркияға және Египетке алғыс айтамыз», — деді министр.
Сибиганың айтуынша, астық бітімінің шарттарын талқылау кезінде Ресей көбіне келісімге мұнай мәселесін де қосуды көздейді.
«Біз энергетикалық бітімге де дайынбыз. Бірақ ол энергетиканың барлық құрамдас бөлігін қамтуы керек. Ал Қара теңіз мәселесінде назарымыз ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағытталған», — деді Сибига. Оның сөзінен «Суспільне» үзінді келтіреді.