Accessibility links

СІМ: Непал мен Қытай шекарасында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аумағында тағы бір қазақстандық болуы мүмкін. Ведомство бұған дейін екі қазақстандық іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

Қазақстандық дипломаттар екі елдің дипломаттарымен байланыста екені хабарланды. Қазақстандық үш туристі іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Непалдың Тибетпен шекарасында 26 тамызда жойқын сел болып, сондағы үйлер мен құрылысты, инфрақұрылым нысандарын лай аралас су басқан еді. Кейінгі мәлімет бойынша, тасқыннан қаза болғандар 600-ге жуықтады. 2 мыңға жуық адам іздестіріліп жатыр, 600-ге жуығы шетелдіктер. Қытай билігі де 500-ден астам адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Селге алып мұздың тау өзеніне құлауы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады.

Айдар
XS
SM
MD
LG