Accessibility links

СІМ: Непалдағы апаттан кейін іздестірілген үш қазақстандықтың бірі табылды

Тасқын болған аумақ.
Тасқын болған аумақ.

Тамыздың соңында Непалдағы жойқын тасқыннан кейін "із-түзсіз жоғалғандардың" қатарында болған Қазақстан азаматы табылды. Ал екі қазақстандықтың қайда екені белгісіз деп хабарлады 8 қазанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

"Бұған дейін із-түзсіз жоғалғандар арасында Қазақстаннан үш турист болған: екеуі Непалдан, біреуі Тибеттен. "Непалда болғанда хабар үзілді" делінген біреуімен хабарласа алдық. Ол апат болған аймаққа сапарын шегерген. Қазір Қазақстанда" деді министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Ал қалған екі қазақстандықтың туыстары ДНҚ-талдауы сияқты адамды анықтауға көмектесетін процедуралардан өткен.

5 қазанда Непал билігі іздеу-құтқару операциясын ресми түрде аяқтады. Тибетте іздеу әлі жалғасып жатыр.

Непал мен Қытай шекарасында болған тасқыннан 1.5 мыңнан астам адам қаза болды, 5 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған.

26 тамызда таңертең Тибетте жойқын тасқын болып, лай аралас су тұрғын үйлерді, түрлі құрылыс пен инфрақұрылым нысандарын басып қалды.

АҚШ геологиялық қызметінің дерегінше, оған Қытай жағында биік таудан мұздың құлауы түрткі болған. Мұз шоғыры мен тау-тастың салдарынан лай көшкіні болып, Лхенде-Кхола өзенін су басты.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG