Соғыста жүрген қазақтар, өзбектер мен тәжіктер. Олар неге кетті?
Орталық Азия елдерінің азаматтары арасында өз еркімен әскери келісімшартқа отырып, Украинаға аттанатындар саны артып келеді. Мұны құқық қорғаушылар, журналистер мен оқиға куәгерлері айтып отыр. Соғысқа барудың басты себебі ретінде ақша мен Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі аталады.