Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза болды


8 қаңтарда Астана – Петропавл тас жолында Toyota Camry және Shacman көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қаза болды. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігіне соқтығысқан" деді полиция өкілдері.

Полиция жолда сақ болуды, жылдамдық арттыру мен жолдың қарсы бөлігіне өту қауіпті екенін ескертеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Toyota Camry көлігін 25 жастағы жүргізуші жүргізген. Ол жаңа туылған немерелерін көру үшін Астанаға жолға шыққан 63 жастағы әйелді апара жатқан. Көлікте сонымен бірге 14 және 17 жастағы екі жасөспірім болған. Бәрі қаза болған.

XS
SM
MD
LG