Accessibility links

БАҚ: Стамбұлда өзбекстандық әйелдің сүйегі табылды, күдіктілер ұсталды


2026 жылғы 24 қаңтарда Стамбұл қаласының Шишли ауданында Өзбекстан азаматы әйелдің сүйегі табылған.

Түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, жергілікті уақытпен шамамен сағат 19:40 кезінде қоқыс ақтарып жүрген жергілікті тұрғын контейнер ішінен басы жоқ адам сүйегін байқап, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы Telegram-арнасында хабарлағандай, түрік құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама қызметімен және прокуратурамен бірлескен жұмыс нәтижесінде марқұмның кім екенін анықтаған.

Консулдық мәліметінше, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Өзбекстанның екі азаматы ұсталған. Олар Түркиядан Грузияға ұшаққа мініп кетіп қалмақ болған жерінен қамауға алынған.

Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы дипломаттары марқұм әйелдің туыстарымен байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын хабарлады. Дипломатиялық өкілдік тергеу барысын бақылап отырғанын айтты.

XS
SM
MD
LG