Accessibility links

"Сулеймен тауы"


Сулейман-гора
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:17:45 0:00

Постсоветтік елдер туралы сериядан алынған "Сулеймен тауы" фильмі.

Постсоветтік елдердің СССР күйрегеннен кейінгі 25 жылдық тарихы. Қырғызстан.

Қырғызстанның Ош қаласы жанындағы Сүлеймен тауына үлкен әулеттің 64 жастағы отағасы Ашурбек Халықов жылына бір мәрте - Рамазан айында шығып, зиярат етеді.

Жергілікті жұрт бұл тауды кейде Сүлеймен пайғамбардың тағы деп атайды. Зиярат етуге баратын адам әуелі ежелгі базар арасынан, жақында жөнделген мешіт пен мұсылман бейіті қасынан, өзбек махалласынан (көшесінен) өтеді. Сүлеймен тауының басында Ашурбек соғыс болмаса екен деген бір ғана тілек тілейді.

Бұл - бұрынғы совет елдерінің СССР құлағаннан кейінгі тарихын баяндайтын "Империя құлаған соң" циклінің [орыс тіліндегі] төртінші фильмі. Фильм Совет Одағы құлағаннан кейін бірнеше төңкерісті бастан кешкен, этносаралық қақтығыстарға ұрынған, соған қарамастан мемлекеттік тұтастығын сақтап қалған Қырғызстан туралы көрсетеді. Бішкек пен Ошта коммунистік идеология орнына ислам діні келген. 1990 жылы байырғы екі халық - өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығыстан жүздеген адам қаза тапты. 2010 жылы Ошта қақтығыс қайталанып, тағы жүздеген адам мерт болды, көп ел жараланды.

Ош қаласының орталық алаңындағы айт намазы.
Ош қаласының орталық алаңындағы айт намазы.

Ашурбека Халықовтың өмірі өзінің үлкен әулетінің ортасында өтіп жатыр. Ашурбектің өзі – қырғыз, келіні Катя – орыс, үлкен күйеубаласы Әлімжан – өзбек, кіші қызының күйеуі Руслан – ұйғыр. Ошта этникалық қақтығыстар болғанымен, Ашурбек әулетін ондай жанжалдардан аман сақтап келеді.

Совет кезінде Халықов мақта тазалайтын фабрикада цех шебері болып еңбек еткен. СССР құлағаннан кейін ұсақ сауда жасап, үй шаруашылығымен айналысқан. Кейінгі жылдары Тибет медицинасына қызығып жүр. Ол 20 жыл бұрын Меккеге қажылыққа барды. Қазір дін ұстайды, бес уақыт намазы бар. Алайда дін оған СССР заманын аңсауға, Юрий Андроповты және қазіргі Ресей президентін құрметтеуге кедергі келтірмейді.

"Империя құлаған соң" циклінің басқа фильмдері: "Анда. Махаббат тарихы", "Менің үлкен грузин әулетім", "Ауғаннан" Донбасқа дейін"

Материалды Мумин Шакиров әзірлеген.

XS
SM
MD
LG