Accessibility links

Сириядағы соғыс


Сириядағы соғыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

Сирияның Деръа қаласындағы соғыс қимылдары түсірілген видео интернетте 16 қаңтар күні жарияланды. Онда көтерілісшілер үкімет әскерімен атысып жүр. Видеода Ярмук палестиналық босқындар лагері тұрғындары наразылық айтқан. Босқын әйелдің сөзіне қарағанда, «балалары аш, тамақ тауып беру қиынға айналған». Ярмук лагері үкімет әскері мен көтерілісшілер қақтығысы кесірінен бірнеше ай бойы қоршауда тұр. БҰҰ Сирия үкіметінен гуманитарлық көмек көрсету үшін лагерге баратын жолды ашуды сұраған. Үкімет лагердің қоршауда қалғанына көтерілісшілерді айыптайды. Сирияда 2011 жылы Асад режиміне қарсы басталған азамат соғысы жалғасып жатыр. БҰҰ «Қақтығыс басталғалы 100 мыңнан астам адам қаза тапты. 2 миллион адам елден босып кетті. Ел ішінде босып жүргендер - 6 миллион адам» дейді.

XS
SM
MD
LG