Accessibility links

"Талибан" Пәкістанның Кабулға шабуылынан жүздеген адам қаза тапқанын мәлімдеді

"Талибан" 16 наурыз кешке Пәкістан күштері Кабулға жасаған әуе шабуылынан аурухана қирап, кемінде 400 адам мерт болып, 250 адам жараланды деп хабарлады.
"Талибан" 16 наурыз кешке Пәкістан күштері Кабулға жасаған әуе шабуылынан аурухана қирап, кемінде 400 адам мерт болып, 250 адам жараланды деп хабарлады.

Кабулдағы ауруханаға Пәкістан әскерінің әуе шабуылынан кемінде 400 адам қаза тауып, 250 адам жараланған деп мәлімдеді "Талибан" қозғалысы. Пәкістан мұнны жоққа шығарды.

Екі мың орынға арналған "Омид" ауруханасы 16 наурыз кешке Пәкістан күштерінің шабуылына ұшырағаны жайлы хабар тарады.

"Талибан" үкіметі ресми өкілінің орынбасары Хамдулла Фитрат аурухана орнынан жараланғандар мен қаза тапқандарды алып шығу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

"Шамамен сағат 21-де (16 наурыз күні жергілікті уақытпен) Пәкістанның әскери режимі есірткіге тәуелді адамдарды емдеуге арналған "Омид" ауруханасына әуе шабуылын жасады", деп жазды Фитрат X платформасында.

Оның сөзінше, "аурухананың едәуір бөлігі қираған".

Пәкістан Кабулды бомбалап, 400 адам қаза тапқаны хабарланды. Не болып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:49 0:00

Пәкістанның ақпарат министрлігі шабуыл бейбіт тұрғындарға қарсы емес, Кабул мен Нангархар уәлаятындағы әскери нысандар мен террористерді қолдау инфрақұрылымын нысанаға алып жасалғанын мәлімдеді.

"Кабулдағы екі жерде орналасқан техникалық инфрақұрылым мен оқ-дәрі қоймалары іс жүзінде толық жойылды", деп мәлімдеді Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар X платформасында жариялаған постында.

"Шабуы соққысынан кейін байқалған ілеспе жарылыстар ірі оқ-дәрі қоймалары болғанын анық көрсетеді", деді ол.

Қарсылас екі тараптың мәлімдемелерінде айтылған жайттарды тәуелсіз түрде растау мүмкін болмады.

Бұл шабуыл Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы шиеленісті одан әрмен ушықтырды. Екі елдің ортақ шекарасында қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG