Осы жылдың соңына дейін Ташкент халықаралық әуежайы мен Орталық (Солтүстік) теміржол вокзалында ВИЧ-ті анықтайтын тегін тест беретін аппарат орнатылады. Бұл жөнінде СПИД-пен күрес республикалық орталығының директоры Бахром Игамбердиевке сүйенген Gazeta.uz сайты жазды.
Игамбердиевтің айтуынша, келген азаматтар аппараттардан сілекей анализдерін алып, оларды үйде қолдана алады, осылайша өз мәртебесін анықтай алады. СПИД орталығының директоры мұндай анализ түрі ерікті және тегін екенін атап өтті.
Нұсқаулық тестоматтарда жазылған, ақпаратты QR-код бойынша да алуға болады. Анализ түрін алу үшін төлқұжатты сканнан өткізу керек.
СПИД орталығының бөлім жетекшісі Фаррух Хамроевтың айтуынша, мұндай нәрсе бір адам бір анализ ғана алуы үшін және процестің анонимді түрде болуы үшін қажет.
СПИД орталығы өкілдерінің айтуынша, бұл пилоттық жоба тәуекел топтар арасында диагностика деңгейін қамтуды көздейді. Егер ол сәтті шықса, онда өзге аймақтарда да тестоматтар пайда болады.
1 тамызда Өзбекстан сенаты шетелде 90 күннен артық уақыт болған азаматтарды, сонымен бірге шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды ВИЧ тестін тапсыруға міндетейтін заңды мақұлдаған.
Шенеуніктер мұны еңбек мигранттар арасында ауру көрсеткішінің жоғары екендігімен байланыстырған. Президент Шавкат Мирзияев заңға әзірге қол қойған жоқ.
Бұған дейін Азаттық Азия сарапшылардың аталған ережелерге алаңдағанын жазған. Олардың сөзінше, ВИЧ тестін міндеттеу дискриминацияға жол беріп, адам құқығын бұзады, сонымен бірге жағдайды ушықтыруы мүмкін. Олар мұндай процедура ерікті әрі анонимді болуы керек деген еді.