Accessibility links

Ташкентте 10 мың долларын жоғалтып алған қазақстандыққа ақшасы қайтарылды

Ташкент метросы.
Ташкент метросы.

Ташкентке көлік сатып алуға барып, сондағы метрода 10 мың долларын жоғалтып алған Қазақстан азаматының ақшасы толық қайтарылды деп хабарлады Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тергеушілердің айтуынша, Ташкент метросында станциялардың бірінен асығыс түсіп бара жатқанда Қазақстан азаматы сөмкесінен 10 мың доллар түсіп қалғанын байқамаған. Ақшасы жоғын көлік базарына барғанда байқап, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінген.

Ақша біраз уақыт жерде жатқан, ешкім оған мән бермеген. Кейінірек Ташкент метросының баспасөз қызметі жолаушының ақша тауып алғаны көрінетін видео жариялады. Құқық қорғау органдары бақылау камераларының көмегімен иесін анықтап, ақшасын қайтарды. Face ID жүйесі де ақша иесін табуға көмектескен.

Өзбекстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматы құқық қорғау орган қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқан. Оның айтуынша, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен адалдығы ақшаны қаз қалпында сақтап қана қоймай, көлік алу жоспарын да орындауға мүмкіндік берген.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG