Accessibility links

Мұжтаба Хаманеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып жарияланды
Мұжтаба Хаманеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып жарияланды

Мұжтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып жарияланды

АҚШ пен Израиль бастаған соғыс жалғасып жатқанда Иран жаңа жоғары көшбасшы кім екенін жариялады. Әуе шабуылынан қаза тапқан әкесінің орнына 56 жастағы Мұжтаба Хаменеи билікке келді. АҚШ президенті Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан, Иранның Сарапшылар кеңесі 8 наурызда осындай шешім қабылдады.

10:41 7.3.2026

Израиль Тегеранға тағы соққы жасады

Израиль әскері Тегерандағы нысандарға тағы соққы жасай бастағанын мәлімдеді. Куәгерлер Тегеранда жарылыс естілгенін айтты.

ЦАХАЛ Иранның Израильге қарай ракеталар ұшырғанын хабарлады. Тегерандағы “Мехрабад” халықаралық әуежайына да соққы жасалған.

17:53 6.3.2026

Израиль аятолла Әли Хаменеиді өлтірген соққының видеосын жариялады

Израиль қорғаныс күштері Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хаменеиді мерт қылған 28 ақпандағы шабуыл видеосын жариялады.

Израиль қорғаныс күштерінің мәлімдеуінше, елдің 50 жойғыш ұшағы "Иран режимі басшылары кешенінің астындағы Әли Хаменеидің әскери бункерін талқандаған".


17:33 6.3.2026

Пезешкиан: Иран кикілжіңінде араағайын болуға бірнеше ел талпынып жатыр

Израиль, АҚШ және Иран арасындағы кикілжіңде араағайын болуға бірнеше ел әрекет етіп жатыр. Бұл жөнінде Иран президенті Масуд Пезешкиан айтты.

"Басын ашып алайық: біз аймақта баянды бейбітшілік орнатуға ниеттіміз, сондай-ақ ұлтымыздың абыройы мен егемендігін қорғауға келгенде де ойланып қалмаймыз. Араағайындық Иран халқының төмендеткендер мен бұл кикілжіңді тұтандырғандарға бағытталуы керек". Пезешкиан Х желісіндегі жазбасында осылай мәлімдеді.

17:18 6.3.2026

Әзербайжан Ирандағы дипломаттарын эвакуациялап жатыр

Әзербайжан Ирандағы дипломаттарын эвакуациялап жатыр. Бұл туралы 6 наурызда елдің сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов мәлімдеді.

Иранның төрт дроны Әзербайжан аумағына кіріп, Нахчыван эксклавында төрт адамды жарақаттағаны хабарлаған күнннің ертесінде Баку осындай шешім қабылдады.

Әзербайжан астанасында молдовалық әріптесі Михай Попшоймен бірлескен баспасөз мәслихатында сөйлеген Байрамов Тегерандағы елшілік пен Иранның солтүстік-батысындағы әзербайжандар көп тұратын Тебриз қаласындағы бас консулдық қызметкерлері эвакуацияланады деді.

Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерін алып кетуге Әзербайжан президенті Илхам Әлиев тапсырма берген.

5 наурыздағы Иранның дрон шабуылын Әлиев «Әзербайжан халқына қарсы террор актісі» деп атаған. Бұл әрекетті Түркия мен Қазақстан басшылары да сынға алған. Ал Тегеран бұл шабуылға қатысы жоқ екенін айтқан.

Тағы

XS
SM
MD
LG