Алматы маңында жолаушы ұшағы апатқа ұшырады
Желтоқсанның 27-і күні таңертең Алматы әуежайы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Соңғы мәлімет бойынша, 12 адам қаза болған. Ұшақ апаты жайлы барлық ақпаратты мына сілтемеден оқып, төмендегі видеодан көре аласыз.
"Кеттім" деп, билікте қалған. Қазақстандағы "транзит" ерекшелігі
Бірінші президенттің өзі құрған сценарий бойынша билікке келген екінші президент немесе қазақстандық "транзит" биыл халықаралық ақпарат құралдарының назарын аударып, "Қазақстандағы билік ауысуы" медиа құралдарының ең көп қолданған сөз тіркесіне айналды. Орталық Азиядағы елде отыз жылда бірінші рет президент ауысты: Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына оның төңірегінде жүрген басқа адам келді. Бұрынғы президенті билікте қалған елде екінші президент қызметке қалай келген еді?
Билік экономика "өсті" деп мақтанады. Сарапшылар сенбейді
Қазақстан үкіметі биыл экономиканың "өсіп", азаматтардың кірісі рекордтық шамаға жеткенін мәлімдеді. Көп балалылардың наразылығынан соң ақпанда бір үкімет отставкаға кетіп, екіншісі әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны арттыруға мәжбүр болды. Мұндай өзгерістің экономикаға әсері туралы айтқан кейбір сарапшы жасақталғанына он ай болған үкіметтің тиімді жұмыс істегеніне күмәнмен қарайды. Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттың сараптамасын оқи отырыңыз.
"Шебер ұйымдастырылған опасыз операция". Амин сарайына шабуыл қалай жасалды?
1979 жылы желтоқсан айының басында Совет одағының билігі Ауғанстан басшысы Хафизулла Амин АҚШ арнаулы қызметімен әріптестік орнатқан деп күдіктеніп, оның көзін жою туралы шешім қабылдады. Совет одағы Аминді өлтіру бойынша құпия операцияны "Шторм-333" деп атап, Кабулдағы резиденцияға шабуылды бастайды. Операцияға қатысқандардың бірі - сол кезде 20 жаста болған қазақ Айдархан Дауылбаев.
"Лагерь болмаса қашпас едім". "Шекара бұзған" қазақ шартты жазаға кесілді
Желтоқсанның 23-і күні Жаркент қаласындағы Панфилов аудандық соты Қылмыстық кодекстің "Шекараны заңсыз кесіп өту" бабы бойынша айыпталған Қытай қазағы Қайша Ақанның ісін қарап, үкім шығарды. Судья Эльмира Асубаева "Қытайдан қашған" Қайша Ақанды кінәлі деп танып, алты ай бас бостандығынан айырып, оны шартты жазамен алмастырып, пробациялық бақылау тағайындады. Сот Ақанды Қытайға қайтармай Қазақстанда қалдырды. Сот үкімі қалай шықты? Оқи отырыңыз.
Мұғалімдер жаңа заңға маңызды ұсыныстары енбегеніне назалы
Қазақстан парламентінің сенаты "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді. Ұстаздар кей ұсынысы заң жобасына енбей қалғанына қапалы. Билік бұл заң мұғалім мәртебесін көтеріп, мектептегі негізгі міндетінен тыс жұмысқа жегуге тосқауыл қояды деп сенеді. Азаттық тілшісі Нұртай Лаханның мақаласын оқи отырыңыз.
"Демпартия" жиынында шу шығарған адам әкімдіктен тендер алған
Демократиялық партия құру жайлы бастама көтерген белсенділер тобы қарашаның 26-сында Семейде жиын өткізді. Оған келген онға тарта азамат шу-шұрқан шығарып, шараға кедергі келтірді. Бастамашыл топ өкілі, құқық қорғаушы Инга Иманбай мұның артында "билік тұр" деп топшылайды. Семей әкімдігімен бірнеше рет серіктес болған бірлестік басшысы болса жиынға өзі барғанын айтады.
ПІКІРЛЕР