Accessibility links

Еурокомиссияның жаңа құрамы жұмысын бастады


Еуропа комиссиясының 2024 жылға дейінгі кезеңге сайланған жаңа құрамы.
Еуропа комиссиясының 2024 жылға дейінгі кезеңге сайланған жаңа құрамы.

1 желтоқсанда Еуропа Одағының негізгі атқарушы органы Еурокомиссияның жаңа құрамы ресми түрде жұмысқа кірісті. Еурокомиссия жетекшісі қызметіне тарихта алғаш рет әйел адам - Германия өкілі Урсула фон дер Ляйен сайланған. Оның орынбасары болып Нидерланд өкілі социалист Франс Тиммерманс, ал сырқты саясат мекемесін басқаруға Испания социалисі Жозеп Борель бекітілді.

Еуропа одағы кеңесінің төрағасы қызметіне Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Шарль Мишель кірісті, бұған дейін бұл жұмысты Польша өкілі Дональд Туск атқарған болатын.

Еурокомиссия Еуропа Одағының заңдарын әзірлейді, одаққа мүше елдердің заң нормаларын қалай орындап жатқанын бақылайды. Өткен аптада Еуропарламенттің 461 депутаты Еурокомиссияның бес жылға сайланған жаңа құрамын бекітуді мақұлдаған. 157 депутат қарсы дауыс берген. Жаңа құрамға Еуропадағы үш ірі партиялық бірлестік – оңшыл және сол центристер мен либералдар өкілдері енген.

Еурокомисссия құрамына 27 адам – Еуропа Одағына мүше барлық елдің (Ұлыбританиядан өзге) өкілдері енген. Лондон өз өкілін тағайындаудан бас тартқан.

Германия христиан демократиялық партиясының өкілі 61 жастағы фон дер Ляйен бұрын Германия қорғаныс министрі болып істеген. Биыл көктемде Еуропарламент сайлауы кезінде Еурокомиссия жетекшісін сайлау нәтижесіз аяқталған болатын.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG