Accessibility links

Киевте жергілікті депутаттың үш жасар ұлы оққа ұшты


Белгісіз біреулер оқ атқан Вячеслав Соболевтің көлігі. Киев, 1 желтоқсан 21019 жыл.
Белгісіз біреулер оқ атқан Вячеслав Соболевтің көлігі. Киев, 1 желтоқсан 21019 жыл.

1 желтоқсанда Украина астанасында Киев облысы кеңесінің депутаты, бизнесмен Вячеслав Соболевтің 3 жасар ұлы басына оқ тиіп, мерт болды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Депутат меншік мейрамханасынан шығып, көлікке отырып кетіп бара жатқан кезде белгісіз біреу оқ атқан. Депутаттың қасында әйелі мен баласы бірге болған. Басынан жараланған сәби жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей қайтыс болған деп хабарланды. Полиция қылмыскерді іздеп жатыр.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің туған жері - Донецк облысындағы Енакиево қаласынан шыққан Вячеслав Соболев өзі негізін қалаған компанияға тиесілі Range Rover маркалы автокөлікпен жүрген. Бұл компания Шығыс Украинадағы терроризмді қаржыландыру күдігі бойынша қозғалған қылмыстық істе аталады. Шығыс Украинада 2014 жылдың сәуір айынан бері Украина күштері мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер арасындағы қарулы жанжал кесірінен 13 мыңнан астам адам қаза тапқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG