Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бес конституциялық заңға қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұл 1 шілдеде күшіне енетін Қазақстанның жаңа Конституциясын жүзеге асыруға қатысты құжаттар пакеті.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев бес конституциялық заңға: атап айтқанда президент туралы, бір палаталы парламент (құрылтай), Қазақстан халық кеңесі, астананың мәртебесі және елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы заңдарға қол қойды.
«Президент туралы» заң президенттің мәртебесін, оның ішінде оның қызметке кірісуі, өкілет мерзімі және оның қызметіне қатысты шектеулерді реттейді. Конституциялық заң жобасының негізгі жаңалығы - вице-президент лауазымының пайда болуы. Оны президент парламенттің келісімімен тағайындайды, президент вице-президенттің өкілетін анықтайды.
Құрылтай туралы заң бір палаталы парламенттің өкілеті мен құрылымын, 145 депутаттың мәртебесін анықтайды. Құрылтай мүшелері бес жылға және тек партиялық тізім бойынша сайланады — өзін-өзі ұсыну институты болмайды.
Ресми Астана пропорционалды сайлау жүйесі аймақтардың билікке қатысу мүмкіндігі және парламентарийлердің біліктілігін жақсартады деп мәлімдеген. Ал сыншылар тіпті конституция жобасын талқылау кезінде де азаматтардың заң шығарушы органға сайлану құқығы шектеулі болатынын, себебі ешбір партияда жоқ азаматтар парламентке үміткер бола алмайтынын жеткізген. Елде оппозициялық топтар жылдар бойы өз партияларын Әділет министрлігінде тіркей алмай келеді.
"Қазақстан халық кеңесі" туралы заң жаңа консультативтің орган құруды қарастырады. Тұрақты түрде істемейтін орган үкімет пен құрылтайға ұсыныс, талап тілектерді жеткізіп отырмақ. Аталған органның мүшелерін президент мәслихат, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің арасынан таңдайды.
"Астананың мәртебесі туралы" заң Астана әімдігі мен Астана мәслихатының өкілетін реттейді.
«Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заң елдің аумақтық бірлік түрлерін және олардың шекараларын ескеру тәртібін анықтайды.
Жаңа Конституция елде 2026 жылдың 15 наурызда қабылданған.
Сарапшылар жаңа Конституция президент билігін күшейтіп жібере деп қауіптенеді. Ресми Астана мұны "миф" деп атаған.