Эльвира Әзімова конституциялық сот төрағасы қызметінде қалды.
Ол бұл қызметке 2023 жылы қаңтарда тағайындалған. Оған дейін Адам құқығы жөніндегі уәкіл, әділет министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазақстанда Конституциялық сот 2023 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Мұндай Қазақстанда бұрын да болған. 1990 жылдардың басында қызмет еткен бұл сот 1995 жылғы конституциялық реформадан соң кеңеске айналған.
2022 жылғы жолдауында Тоқаев Конституциялық кеңеске қарапайым азаматтар жүгіне алмайтынын айтып, Конституциялық сот құруды ұсынған.
Кейбір сарапшылар саяси жүйеде шынайы бәсеке болмай, Конституциялық соттың тәуелсіз болуы қиын екенін айтады.
Нұрлан Әбдіров те орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқара бермек. 2022 жылдың қаңтарынан бері осы қызметте отыр. Оған дейін мәжіліс, сенат депутаты болды.
Әлихан Смайылов та жоғары аудиторлық палатасын басқара бермек. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.