Accessibility links

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын ауыстырды

Сәрсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әскер Бейсеновті қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты. Ақорда сайтында тиісті өкім шықты.

47 жастағы Бейсенов бұл қызметті 2023 жылдың 24 сәуірінен бері атқарған еді. Әр жылдары бюджетті жоспарлау және қаржы саласына жауапты лауазымдарда болды. Сонымен қатар шет елдегі дипломатиялық корпуста қызмет атқарды.

Бірнеше сағат бұрын өкілеті тоқтатылған Құрылтай депутаты Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол Құрылтайға “Әділет” атынан сайланған. Қаржы және бюджет комитетіне мүше болды. 8-шақырылымдағы мәжіліске Amanat атынан депутат болды. Бұрын қаржы вице-министрі болған.

24 қазанда Қазақстанның батысында әскери оқу жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза болғаннан кейін елдің қорғаныс саласындағы басшылар ауысып, кейбірі қамалды. Бір күн бұрын Тоқаев қарулы күштер бас штабы бастығын ауыстырды.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG