Accessibility links

Тоқаев үкіметке сирек кездесетін металдар саласын дамытуды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 тамыз күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысында аса маңызды минералдар, оның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту бойынша үкімет пен мемлекеттік органдарға геологиялық барлауды күшейту, өңдеу өндірісін дамыту және әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев ресурс қоры мен өндірістік әлеуеті жағынан Орталық Азиядағы жетекші орынға ие Қазақстанның мұны жаһандық сұраныс өсіп отырған кезеңде мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануы маңызды екенін айтқан.

Оның сөзінше, әлемдегі қазіргі жағдай қазба байлығы мол елдерге жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Бұған қоса, жоғары технологиялық өндірістерге қажет аса маңызды материалдарға қол жеткізу үшін мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейіп келе жатыр деген Тоқаев.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорларын игеру болашағы, қайта өңдеу саласын дамыту және негізгі кедергілер жөнінде есеп берген.

Кеңес қорытындысында Тоқаев үкіметке саланы дамытудың жүйелі тәсілін қалыптастыруды, реттеу тетіктерін жетілдіруді, геологиялық барлау мен өңдеу жұмыстарын кеңейтуді, зертханалық базаны жаңғыртып, мамандар даярлау және әкімшілік тосқауылдарды қысқарту жөнінде тапсырмалар берген.

Айдар
XS
SM
MD
LG