Accessibility links

Тоқаев Жапонияға барды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Токио әуежайынан қарсы алған сәт. Токио, 17 желтоқсан 2025 жыл. Ақорда таратқан сурет.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Токио әуежайынан қарсы алған сәт. Токио, 17 желтоқсан 2025 жыл. Ақорда таратқан сурет.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барды. Токионың Ханэда әуежайында Қазақстан басшысын Жапонияның сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды деп хабарлады 17 желтоқсанда кешке Ақорда.

Тоқаев 18 желтоқсанда Жапония императоры Нарухито және премьер-министр Санаэ Такаичимен кездеседі.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Тоқаевтың Жапонияға сапары барысында жалпы құны $3,7 млрд болатын болатын 40-тан астам құжатқа қол қойылады.

“Президент осы мақсатта Токиода жапон ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды” деді баспасөз хатшысы.

Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды.

Оның сапары 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстан басшысы сонымен бірге “Орталық Азия - Жапония” саммитіне де қатысады.

XS
SM
MD
LG