Accessibility links

Трамп Путин Украина бойынша мәміле жасағысы келеді деп мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні журналистерге Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қоюға "Зеленский мен Путиннің бір-біріне деген өшпенділігі кедергі болып отырғанын" айтты.

Трамп 8 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескені туралы ақпаратты растап, екеуара әңгімені "тамаша" деп сипаттады.

"Ол келісім жасағысы келеді, егер Зеленский де келісім жасағысы келсе, жақсы болар еді", – деді АҚШ президенті.

Трамп бұған қоса соғысты тоқтатуға қол жеткізу үшін Ресейдің және Украинаның басшылығымен байланысты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеу мен Киевке барып қайтқан еді. 5 қыркүйекте олар Кремльде президент Владимир Путинмен үш сағаттан астам келіссөз жүргізді, ал келесі күні Киевте президент Владимир Зеленскиймен кездескен.

Ақ үйдің өкілі Мәскеудегі келіссөзде "алдағы апталарда жарияланатын келесі қадамдардың нақты жоспарлары" талқыланғанын хабарлады.

Уитткофф пен Кушнердің сапарынан кейін Ресей де, Украина да АҚШ-тың қатысуымен үшжақты келіссөзді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.


Айдар
XS
SM
MD
LG