Accessibility links

Трамп Ресей мен Украина 9-11 мамыр аралығында атысты тоқтатуға келіскенін хабарлады

Дональд Трамп
Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде Мәскеу мен Киев үш күнге атысты тоқтатуға келіскенін хабарлады. Осы уақыт аралығында, оның айтуынша, екі жақ тұтқын алмасады. Мәскеу мен Киев атысты тоқтатуға келіскендерін растап, "мыңға мың" формуласы бойынша тұтқын алмасатынын айтты.

"Ресей мен Украина арасындағы соғыс үш күнге (9, 10 және 11 мамыр) тоқтайтынын хабарлауға қуаныштымын. Ресей Жеңіс күнін атап өтіп жатыр, бірақ бұл Украина үшін де маңызды, себебі ол Екінші дүниежүзілік соғыста да маңызды рөл атқарды. Осы атысты тоқтату аясында барлық әскери қимылдар тоқтатылып, тараптар 1000 тұтқынмен алмасады" деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамптың сөзінше, атысты тоқтату туралы ұсынысты өзі айтқан, ал Ресей мен Украина президенттері келіскен.

Украина президенті Владимир Зеленский Трамптың атысты үш күнге тоқтату және тұтқын алмасу туралы келісім жөніндегі сөзін растады.

"АҚШ президенті және оның командасына алғыс айтамын. АҚШ Ресей жағының келісімді орындауын қадағалайды деп сенеміз" деп жазды.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей Трамптың "атысты тоқтату режимін ұзарту" туралы бастамасын қолдады деп мәлімдеді.

Жуырда Ресей 8-10 мамыр аралығында атысты біржақты түрде тоқтататынын айтқан. 8 мамырда таңертең Украина басшысы Владимир Зеленский Ресейдің мәлімдемесінен кейін атыс та, дрон шабуылы да жалғасып жатқанын айты. Украина Ресейдің Ростов, Ярославль және Пермьдегі кәсіпорындарына дронмен соққы жасады.

Айдар
XS
SM
MD
LG