Accessibility links

Трамп Зеленскиймен және Путинмен телефонмен сөйлесті

Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта), АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) суреттерінен коллаж.
Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта), АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) суреттерінен коллаж.

АҚШ президенті Дональд Трамп 14 маусымда Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонмен сөйлесті. Сол күні Трамп 80 жасқа толды.

Зеленский "тамаша" әңгіме болғанын, Трампты туған күнімен құттықтағанын және майдандағы ахуал мен Украинаның ұстанымын талқылағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, тараптар негізгі мәселелерді көтеріп, егжей-тегжейлі талқылауды келесі жылы өтетін G7 саммитінде жалғастыруға келіскен.

Кремльдің мәліметінше, Путин Трампты мерейтойымен құттықтап, шамамен 55 минут сөйлескен. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар Трамптың арнайы өкілдері жақын арада Мәскеуге сапармен баратыны жөнінде уағдаласқан. Трамп Украина және Ресей басшыларымен телефонмен сөйлескеніне қатысты пікір білдірген жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG