Accessibility links

Түркиядағы шеру


Түркиядағы шеру
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның биліктен кетуін талап еткен шерушілер 27 желтоқсан күні Стамбулда полициямен қақтығысты. Қарсылық шерулеріне ұласқан «жемқорлық дағдарысы» Ердоған үкіметіндегі бірнеше министрдің балаларының коррупция туралы қылмыстық іске қатысты екені туралы ақпарат тарағаннан кейін басталды. Наразылық шеруімен қатар Ердоғанды қолдайтын мыңдаған адам да көшеге шыққан. Стамбулдағы Таксим алаңында «Арамызда ұрылар бар» деп айқайлап тұрған наразыларға полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан. Шілде айында болған қарсылық шерулерінен кейін, осы апта басталған «жемқорлық дағдарысы» Ердоған үкіметіне ауыр соққы болды. Бұл дау басталғалы Ердоған үш министрді отставкаға жіберді. Ол «ел ішінде кейінгі жылдардағы экономикалық өсімді тежегісі, ел тұрақтылығын бұзғысы келетіндер бар» деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG