Тұсаулы аяқ, бұғаттаулы шот. «Атажұрт» белсенділерінің өмірі
«Атажұрт» ісі бойынша сотталғандардың кейбірі қазір электронды білезікпен жүр, банк шоттары бұғатталған, ұдайы пробациялық бақылауда. Бұл шектеулер олардың отбасыларына да әсер еткен: үйде жалғыз асыраушы болғандар жұмыс пен күнделікті шығынды қатар алып жүруге мәжбүр, кей отбасылар қарызға кірген.